Алматының бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин онлайн брифинг барысында «үнді» штамы бойынша алдағы екі айға болжам жасады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Жандарбек Бекшин тамыз, қыркүйек айларына болжамын айтты.
«Әрине, ауру деңгейіне болжам жасап отырамыз. Науқастар саны ең көп болатын кезең - тамыздың басы мен ортасы. Сондықтан вирус жұқтырғандар саны қыркүйектің басында азаяды деп отырмыз», - деді Жандарбек Бекшин.
