Фото: Видеодан скриншот
«Кристалл» тұрғын үй кешенінде жергілікті тұрғынға шабуыл жасалды. Куәгерлердің айтуынша, ер адамды кешеннің жетінші блогында пәтерді тәуліктеп жалға алған жалға алушы ұрған. Бұл туралы Ult.kz Криминальный Казахстан telegram арнасына сілтеме жасап хабарлайды.
Жанында орналасқан бизнес-орталықтың қызметкерлері оқиғаны байқап, араласқан. Аталған факті бойынша тексеру жүргізілуде. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.
