Фото: Алматы әкімдігі
Алматыда электромобильдерге арналған зарядтау станцияларын орнатуға163 млн теңге бөлінді. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.
Алматы әкімдігінен мәлім еткендей, «Алматы» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ еншілес ұйымы, «Almaty Finance» ЖШС электромобильдерге арналған жоғары жылдамдықты зарядтау станцияларын сатып алуға 163 млн теңге бөлді.
Аталған сомаға Алматыда 28 жаңа қуатттау станциясы орнатылады.
«2023 жылы Алматыда автокөлік құралдарының зиянды заттар шығарындыларының көлемі 112 мың тоннадан асты, бұл шығарындылардың жалпы көлемінің 60%-ын құрады. Электромобильдерге күтім жасауға үшін қолайлы жағдай жасау көлікті электрлендіру жолындағы маңызды қадам.Нәтижесінде қала экологиясы жақсарады», - деп атап өтті «Almaty Finance» ЖШС басқарма төрағасының орынбасары Жұлдыз Игенов.
Бұған дейін Қазақстанда 2023 жылы электромобильдер саны 10,4 есе өскені туралы жазған болатынбыз.
Сарапшылардың пікірінше, бұған қазақстандықтарға көліктің экологиялық таза түріне көшуі үшін мемлекет беретін квота себеп болды. Өйткені электромобильдің атмосфераға зияны жоқ. Сондықтан мемлекет оны сатып алғанда кеден және салық төлемдерінен босататын квота берді. Міне, осыдан кейін сатып алушылар көбейді. Былтыр қаңтар-қазанның өзінде Қазақстанға квота бойынша 6 875 электромобиль әкелінді.