11 мау, 2021 сағат 02:15

Алматыда дүкен өртеніп, жалын көрші ғимаратқа жайылды


Алматыда дүкен ғимараты өртенді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Қалалық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, жалын кеше кешкі 23:26 кезінде тұтанған. 

Өрт сөндірушілер оқиға орнына келіп жеткенде бір қабатты дүкеннің өртеніп жатқанын көрген. Тілсіз жау оның жанындағы жапсарлас үш қабатты ғимаратқа жайылған. Құтқарушылар тез арада іске кірісіп, өртті солтүстік, оңтүстік және батыс тараптан сөндіруге жұмылдырылды. 

ТЖД дағдарыс орталығы басқармасы жалынды онлайн режимде бақылап отырды. 

Оқиға орнында 19 техника мен 70-тен астам қызметкер жұмыс істеді. 

Өрттен зардап шеккендер туралы мәлімет жоқ.