Кеше Алматыда жер сілкінісі бірнеше рет сезілді, – деп хабарлайды «Ұлт ақпарат».
Жер сілкінісінің эпицентрі Алматыдан 370 км жерде Қытай аумағында орналасқан, – деп хабарлайды сейсмологиялық тәжірибелік-медициналық экспедиция.
"2020 жылдың 19 қаңтарында Алматы уақыты бойынша 19 сағат 27 минут 57 секундта жер сілкінісі тіркелді. Магнитудасы - MPV 6.0", - делінген хабарламада.
Алматы тұрғындары жерасты дүмпулерін 3-4 балл (МSК-64 бойынша) шамасында сезінді.
Сонымен қатар, таңғы сағат 4 пен 5-тің арасында тағы да дәл осындай дүмпу байқалды.
Зардап шеккендер мен қираған ғимараттар туралы ақпарат түскен жоқ, – деп хабарлады төтенше жағдайлар комитеті.