08 қыр, 2021 сағат 14:27

Алматыда біреудің көлігін тапсырыспен өртеген күдіктілер ұсталды


Алматыда біреудің көлігін тапсырыспен өртеген күдіктілер ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Алматы қалалық Полиция департаментінің хабарлауынша, қылмыс 2021 жылдың мамыр айының соңында болған. 

«Зерттеу кезінде анықталғандай, бөгде затты, атап айтқанда жанғыш сұйықтықты пайдаланған үш адам, 33 жастағы С.есімді азаматшаға тиесілі «Киа» маркалы көлікті әдейі өртеген. Күдіктілер ұсталды. Олар өртеу фактісін мойындады және А.есімді азаматтың 400 мың теңге сомасындағы ақшалай сыйақысы үшін тапсырысты орындағандарын айтты. Олардың үстінен ҚР ҚК-нің 202-бабы 2-бөлімі бойынша қылмыстық іс қозағылып, қамауға алынды», – деді Алматы қаласы ПД Тергеу басқармасының бастығы Мұхамедәлі Сейсенұлы. 

Ал тапсырыс берушінің әрекеттері ҚР ҚК-нің 28-бабы 3-бөлімі, 202-бабы 1-бөлімі бойынша тіркелді. 

«Бүгін сотқа дейінгі тергеу органы А. есімді азаматқа қатысты «қамауда ұстау» түріндегі шараны шығарды», – деді Алматы қалалық Полиция департаментінің өкілі.