Фото: Дәурен Исаев
Алматыда Азия-Тынық мұхиты аймағындағы жоғары білім беру мәселелеріне арналған пре-саммит басталды. Іс-шара Қазақстандағы жоғары білімнің дамуы мен жетістіктерінің символы іспетті болған әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде өтіп жатыр.
Пре-саммитке Алматы әкімі Ерболат Досаев, Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек, Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі Мәлік Отарбаев, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ректоры Жансейіт Түймебаев қатысуда.
Фото: Дәурен Исаев
Іс-шараға Қытай, Жапония, Малайзия, Индонезия, Үндістан және т.б. 16 елдің 350 ЖОО-ның өкілі жиналды. Бұл оқиға Азия-Тынық мұхиты аймағының қарқынды дамып келе жатқан еңбек нарығын қалыптастырудағы университеттердің орталық рөлін талқылауға арналып отыр. Кездесудің басты тақырыбы Орталық Азия елдеріндегі жоғары білім беру саласындағы инновациялық тәсілдер арқылы серпінді ландшафтты дамыту және бірлескен шешімдер іздеу.
Фото: Дәурен Исаев
Пре-саммит соңында QS World University Rankings 2025 рейтингісінде үздік атанған университеттерді марапаттау рәсімі өтеді. Әлемнің 1500 университеті кірген рейтингте әл-Фараби атындағы ҚазҰУ 163-орынды иеленді.
Айта кетейік, бүгінде Алматыда 35 жоғары оқу орны бар, онда 199 мыңнан астам студент оқиды, оның 124 мыңы өзге өңірден келгендер.
Фото: Дәурен Исаев