16 ақп, 2021 сағат 21:23

Алматыда «Айка-мажор» лақап атымен танымал бұзақы тағы қамауға алынды

Алматыдағы дәмханалардың бірінде жанжал шығарып,қасындағы қызға пышақ сұққан күдікті тағы қамауға алынды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Бұл туралы Алматы қалалық Полиция департаметі бастығының орынбасары Рустам Әбдірахманов желідегі парақшасында жазды. 

"Айка-мажор ұсталды. Қазір ол уақытша ұстау изоляторына қамалды. Оған ҚРҚК 293-бабының 3-бөлігінде көзделген қылмысты жасады деген айып тағылды. Бүгінгі күні объективті және жан-жақты тергеуге, сондай-ақ істің мән-жайын зерттеуге бағытталған кешенді тергеу шаралары жүргізілуде", - деді Рустам Әбдірахманов.

Еске салайық, 2020 жылдың қыркүйегінде 1988 жылы туған Айгерім Бақытжанқызы (лақап аты Айка-Мажор) дәмханада жанжал шығарып, бір қызға пышақ салған болатын.