14 мау, 2021 сағат 15:05

Алматыда әйелді қағып өлтірген полицейден жауап алу сәті: Кінәмді мойындаймын


Алматы ПД баспасөз қызметі әйелді қағып өлтірген полицейден жауап алу сәтінің видеосын жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Қалалық патрульдік полиция полкінің инспекторы Бақтияр Төлеутай жол-көлік оқиғасының мән-жайын айтты. 

Еске салайық, қайғылы оқиға 14 маусымда таңертең Алатау ауданында болған.

"Сағат 6:45 шамасында Өтемісұлы көшесімен оңтүстік бағытқа қарай кетіп бара жатқанымда, алдымдағы автокөлік солға қарай бұрылмақ болып, мен ол автокөліктен қашып, жол-көлік оқиғасын болдырмау үшін көлік жуу жаққа бұрылып кеттім. Сол кезде алдымда тұрған әйел адамды байқаусызда қағып кеттім", - деді ол. 

Полицей кінәсін толық мойындады, ол марқұмның отбасына қайғырып көңіл айтты.  

Бұған дейін бұл дерек Қылмыстық кодекстің 345-бабы бойынша тіркелгені хабарланған еді. Іс Алматы ПД анықтау басқармасының өндірісінде. Жүргізушімен тергеу шаралары жүргізіліп жатыр.