14 там, 2018 сағат 16:11

Алматыда арнайы операция барысында ұрланған 18 жасар қыз босатылды

Алматыда арнайы операция барысында 18 жасар ұрланған қыз босатылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ҚР ІІМ ресми өкілі Алмас Сәдубаевтың айтуынша, Алматыда арнайы операция барысында ІІД ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері 18 жастағы қызды босатып, үйіне қайтарды. Қылмыс 9 тамызда болған. Белгісіз біреулер алдын ала ымыраласа  келе қару кезене отырып, қыздың үйіне кіріп барған. Шабуыл салдарынан қыздың туысқаны жарақат алған», - деді ол.

ҚР ІІМ өкілі хабарлағандай, қазір күдікті ұсталды. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр.

Айта кету керек, Алматы полициясы бірнеше күннен бері қалада ауқымды рейд шараларын өткізуде.