06 ақп, 2020 сағат 10:57

Алматыда Абайдың мүсіні ашылды

Алматыда Абайдың мүсіні ашылды. Ақынның 175 жылдық мерейтойына орайластырылған салтанатты рәсімге Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев қатысты, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Мүсін Жетісу ауданы әкімдігінің ғимараты жанындағы «Гүлдер» саябағына қойылды.

«Абайдың мерейтойлық жылы – мәдениет пен әдебиет қайраткерлерінің, сөз жанры шеберлерінің, жалпы шығармашылықпен айналысатындар үшін айтулы мереке. Ұлы ақынның, философ пен ойшылдың бай мұрасы, оның адамгершілік өсиеттері қазақ халқының игілігіне айналды», - деді Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев.

Мүсіннің авторы – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, мүсінші Тілеуберді Бинашев. Салтанатты рәсімге танымал жазушылар, ақындар, абайтанушылар қатысты.