Алматыда 67 мың тұрғын 42500 көлеміндегі әлеуметтік көмекке өтініш білдірген. Бұл туралы бүгін онлайн брифинг барысында қалалық Әлеуметтік әл-ауқат басқармасының басшысы Рахат Шимашева айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Оның айтуынша, басқарманың жедел желісіне 11 мыңнан аса сауал түскен. Олардың 4420 –сы мүмкіндігі шектеулі адамдардан, 1390 көпбалалы аналардан, 3324 зейнеткерлерден келген.
«Сұрақтардың 40-50 пайызы азық-түлік себетіне қатысты болса, қалғаны 42500 теңгені алуға қатысты сауал болған. Барлығы 67 000 адамнан өтініш түскен. Егер азаматтардың сауалына жауап болмаса қайтадан хабарласуын сұраймыз. Бұл мәселе бізде күнде қаралып жатыр. Әкімдіктің бақылауында», - деді Рахат Шимаешва.
Басқарма басшысы 6000 астам тұрғын 42500 теңге көлемінде әлеуметтік көмек алғанын жеткізді.