22 сәу, 2020 сағат 15:58

Алматыда 363 медицина қызметкерінен коронавирус табылды – Бекшин

Алматыда коронавирус инфекциясын 383 медицина қызметкері, 1 полиция қызметкері, 40 студент жұқтырған. Бұл ақпаратты бүгін онлайн брифинг барысында қаланың бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин жариялады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Оның айтуынша, көбінесе инфекцияны 20-29 жастағы жұмысқа қабілетті адамдар жұқтырған. 

«Бүгінде бұл вирустан ең аз жапа шеккендердің қатарында полицияны айтуға болады. Блокпосттағы бір полиция қызметкері жұқтырған. Жалпы қалада 693 жағдай тіркелді. 100 мың адамға шаққанда ауру көрсеткіші 33,9 %, адам өлімі - 0,7% болып отыр», - деді ол.

Сондай-ақ, 10 оқушы, 40 студенттен, шетелден келген 38 адамнан, ҰҚК шекара қызметі академиясының 67 курсантынан, 2 авиация қызметкерінен, 40 зейнеткерден, 55 жұмыссыз адамнан, 383 медицина қызметкерінен коронавирус инфекциясы табылған. 

Одан бөлек Жандарбек Бекшин басқарып отырған департаменттің 7 қызметкері вирус жұқтырғаны анықталды.

0-14 жас аралығында - 21 жағдай, 15-19 жас аралығында – 43, 20-29 жас аралығында - 212, 30-39 жас аралығында - 129, 40-49 жас аралығында - 116, 50-59 жас аралығында - 115, 60 жастан жоғары – 42 жағдай тіркелген.