13 қар, 2020 сағат 22:11

Алматыда 10 нысан карантин талаптарын орындамаған

Алматыда бір күнде карантин талаптарын орындамаған 10 нысан басшылығына шара қолданылды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Арнайы мониторинг тобы 13 қарашада 28 нысанның жұмысын тексерген еді. Оның ішінде 10 нысанда карантин талаптары бұзылғаны анықталды. Атап айтқанда, Алмалы ауданында С.Сейфуллин көшесі 467Б-үйдегі «Мега дөнер» дәмханасы түнгі сағат 22.00-ден асқанда жұмыс істеп тұрған. Абылай хан даңғылындағы «Бургер» дәмханасы түнгі 22.00-ден кейін жұмыс істеп тұрған. Сейфуллин көшесіндегі Tennisi.kz букмекер кеңсесі заңсыз жұмыс істеген.С.Мұқанов көшесіндегі «Do Re Mi» Караоке клубы заңсыз жұмыс істеген.

М.Әуезов ауданында «Тамыр» дәмханасы түнгі сағат 22.00-ден кейін жұмыс істеп тұрған.

Бостандық ауданында «Мега Алматы» СОО-да фудкорт пен батуттар заңсыз жұмыс істеген. «АДК» сауда орталығында фудкорт жұмысын тоқтатпаған.

Розыбакиев көшесіндегі тағамды жедел әзірлейтін «Red Dragon» түнгі 22.00-ден кейін жұмыс істеген. Солш көшенің бойындағы Street food нысаны да жұмысын тоқтатпаған. Абай көшесіндегі «Barakat burger» уақыт шектеуін сақтамаған. 

Осы мекемелерге қатысты ҚР ӘқбК 425-бабының 1-бөлімімен хаттама толтырылды.