18 мам, 2021 сағат 15:40

Алматы тұрғынын қинап өлтірді деген күдікпен 24 жастағы ер адам ұсталды


Алматы облысында 24 жастағы азамат адам өлтірді деген күдікпен ұсталды. Қазір ол уақытша ұстау изоляторына қамалған, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Алматы облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 16 мамыр күні Іле ауданының полициясына жергілікті тұрғындардан қоңырау түскен. Оқиға орнына жеткен тәртіп сақшылары адам өліміне байланысты жедел-іздестіру шарасын ұйымдастырған. Істің ізін суытпай 24 жастағы азамат ұсталған. Арнайы дәлелдерден кейін ол адам өлтіргенін мойындап, мүрдені қайда жасырғанын көрсеткен.

«Қазір аталған факті ҚР Қылмыстық кодексінің 99 бабы 1 бөлігі яғни, «Адам өлтіру» бойынша арнайы базаға тіркелді» - деліген ведомствоның ақпаратында. 

Полицияның ақпаратына сәйкес, қинап өлтірілген азамат Алматы қаласының 31 жастағы тұрғыны екені анықталды. Қазір аталған қылмыстық іс бойынша сот-алды тергеу жүргізіліп жатыр.