31 там, 2021 сағат 17:41

Алматы тұрғыны жертөлесінде есірткі өсірген


Алматылық тұрғын көпқабатты үйдің жертөлесінде марихуана өсірген, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Алматы қаласы Полиция департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, 45 жастағы ер адам Достық көшесінде орналасқан тұрғын үйдің жертөлесінде марихуана өсірген.

«Т. есімді ер адам марихуана өсіп тұрған ыдысты фольга мен ультракүлгін сәулесі мен жабдықталған бұрышқа қойған. Күдіктінің айтуынша, ол осы уақытқа дейін осылай тәжірибе жасаған. Егер сәтті болса, ол бұл қылмыстық бизнесті жандандыруды жоспарлаған. Бірақ бұл ойы жүзеге аспады. Оның заңсыз әрекеттері тоқтатылды. Бұл факт ҚР ҚК-нің 300-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркелді. Тергеу тобы заттай айғақтарды тәркіледі және сараптамаға жіберді», – дейді Медеу аудандық ПБ бастығының орынбасары Елнұр Құдратбаев. 

Сонымен қатар, күдіктінің бұрын мүліктік және есірткі қылмыстары үшін жауапқа тартылғаны анықталды.