Алматы метросында вагонның арт жағынан ұсталып, бірнеше станса жүріп өткен экстремал блогер іздестіріліп жатыр, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
«Қалалық метрополитендегі полиция басқармасы құқық бұзушыны іздестіріп жатыр. Оның іс-әрекетіне заңға сәйкес құқықтық баға берілетін болады. Ол міндетті түрде жауапкершілікке тартылады», - деді Алматы Полиция департаментінің баспасөз қызметінен.
Видео 2 қараша күні «SHERIFF Almaty» YouTube арнасында жарияланды. Ер адам пойыздың соңғы вагоны жармасып алып «Алмалы» стансасынан бастап «Абай» стансасына дейін жеткен.