27 қаң, 2022 сағат 22:46

Алматы полициясы метро мен сауда орталығында пранк жасаған жігітті іздеп жатыр


Алматы полициясы метро мен сауда орталығында пранк үшін видео түсірген құқық бұзушыны анықтау мақсатында іздестіру жұмыстарын бастады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Желіде жарияланған бірінші видеода ер адам телефон арқылы біреумен айқайлап сөйлесіп, мәселе шешіп жатыр, екіншісінде оның қаладағы сауда және ойын-сауық орталықтарының біріндегі эскалаторға шығып алғанынын көруге болады. 

«Құқық бұзушыны анықтау үшін тиісті тексеру жұмыстарын бастадық. Мән-жайды анықтау Бостандық аудандық полиция басқармасы қызметкерлеріне жүктелді. Қабылданған шаралардың нәтижелері қосымша жарияланатын болады», - деп жазды Instagram-дағы парақшасында қалалық полиция департаменті басшысының орынбасары Рустам Әбдірахманов.