Алматы облысында жүк көлігі үш жаяу жүргіншіні көлігімен қағып, екі адам оқиға орнында мерт болды. Ал үш жастағы бала зардап шегіп, ауруханаға түсті, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Алматы облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға Қарасай ауданында болған.
«28 маусым күні сағат 14:50 шамасында Жамбыл ауылында 45 жастағы жүргізуші үш жаяу жүргіншіні қағып кетті. Салдарынан оқиға орнында 53 жастағы жергілікті тұрғын мен 9 жастағы бала көз жұмды. Тағы үш жастағы бала ауруханаға түсті. Қазір осы фактіге сәйкес ҚР ҚК-нің 345-бабы 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды», - делінген ведомствоның хабарламасында.
