18 қар, 2025 сағат 15:05

Алматы облысында жасөспірім өзімен жасты баланы өлтірді деген күдікпен қамауға алынды

Алматы облысында жасөспірім өзімен жасты баланы өлтірді деген күдікпен қамауға алынды, деп хабарлайды Ult.kz Алматы облыстық полиция департаментіне сілтеме жасап.

«Полиция қызметкерлері Талғар ауданының кәмелетке толмаған тұрғынының өліміне әкелген дене жарақаттарын салу фактісі бойынша қылмыстық іс тіркеді. Күдікті – кәмелетке толмаған жасөспірім ізін суытпай ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды. Сот санкциясымен қамауға алынды. Оқиғаның барлық мән-жайын жан-жақты, толық және объективті зерттеуге бағытталған кешенді тергеу шаралары жүргізілуде», – деп хабарлады Алматы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Берілген мәліметке сәйкес, тергеу департамент басшылығының ерекше бақылауында. ҚР ҚПК-нің 201-бабының талаптарына сәйкес, басқа ақпарат жариялауға жатпайды.