20 қыр, 2021 сағат 14:19

Алматы облысында ірі көлемде марихуана тәркіленді


Алматы облысында диструктивті діни ағымын ұстанушыдан 20 қап марихуана тәркіленді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Алматы облыстық полиция департаменті экстримизмге қарсы күрес басқармасының, және Ұлттық қауіпсіздік комитеті қызметкерлерінің бірлескен операциясы барысында 49 жастағы Алакөл ауданының тұрғыны ұсталды. Тексеру барысында үйінен жалпы салмағы 17 келіден асатын 20 қап есірткі табылды.

Алматы облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, қазір бұл факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 296 бабы, 4 бөлігі,яғни заңсыз есірткі сақтау, өңдеу тасымалдау бойынша қылмыстық іс қозғалып, күдікті уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.