28 сәу, 2021 сағат 19:03

Алматы облысында әйелін тапсырыс беріп өлтірген ер адамға қатысты сот үкімі шықты


Алматы облысында 34 жастағы әйелді бір жасар қызының көзінше өлтірген ер адамдарға қатысты сот үкім шықты, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Қарасай ауданы қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған соты екі күдіктіге қатысты үкім шығарды.

Сот жарыссөзінде прокурор соттан айыпталушыларды кінәлі деп тануды және әрқайсысын 20 жылдан бас бостандығынан айыруды сұрады. 

Жәбірленуші тарап прокурордың пікірімен толық келісті. 

Сот әйелін өлтіруге тапсырыс берген ер адамды қылмыстық кодекстің 99-бабы бойынша 18 жылға бас бостандығынан айыруға үкім шығарды. Ал қылмысты жасаған 35 жастағы екінші айыпталушы 15 жылға сотталды.

Сондай-ақ олар марқұмның отбасына 20 миллион теңге көлемінде моральды шығын өтеуге міндеттелді.