Алматы облысында 34 жастағы әйелді көлікте өлтіріп кетті, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Жантүршігерлік оқиға туралы «Не молчи» ұйымының Facebook-тегі парақшасында жарияланды.
13 қарашада күйеуі әйелі мен 1 жастағы қызын ертіп Қапшағай тас жолындағы «Магнум» сауда орталығына барған. Қайтар жолда «түзге отырамын» деген күйеуі 300-400 метр елсіз жерге бұрылған.
Ер адамның айтуынша, ол көліктен шығып қайтып келгенде әйелі өліп жатқан.
Алматы облыстық Полиция департаменті өлімге кінәлі күдіктілер ұсталғанын мәлім етті. .
«Қазір бұл қылмысқа күдікті ретінде 37 жастағы және 34 жастағы екі ер адам ұсталды. Олар аса ауыр қылмысты жасағанын мойындады», - деді ПД.
Аталған дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 99-бабы 2-бөлімімен сотқа дейінгі тергеу амалы басталды.