26 мам, 2021 сағат 14:38

Алматы облысында 17 жастағы бала ішімдік ішіп, көлік апатына түсті


Алматы облысында 17 жастағы бала ішімдік ішіп, көлік апатына түсті, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Оқиға Қаратал ауданының орталығы Үштөбе қаласында болды. 

«25 мамыр күні сағат 22:10 шамасында 17 жастағы «Ауди» көлігінің жүргізушісі мотоциклге соғылған. Екінші көлікті 20 жастағы Талдықорған қаласының тұрғыны тізгіндеген. Жол көлік апаты салдарынан мотоциклдің 20 жастағы жолаушысы зардап шекті. Ол Үштөбе қаласындағы ауруханаға жеткізілді. Анықталғандай, «Ауди» көлігінің кәмелеттік жасқа толмаған жүргізушісі орта деңгейде ішімдік ішкен. Қазір осы факті бойынша анықтау жұмыстары жүріп жатыр», - деп мәлімдеді Алматы облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметінен.