02 шіл, 2021 сағат 14:40

Алматы облысында 1,5 млн теңгеге зират қоршаулары ұрланды


Алматы облысында зиратта темір қоршауларды ұрлаған күдікті ұсталды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Алматы облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, ұры 1,5 миллион теңгенің темірін қолды қылған. Қазір күдікті ұсталды. Кінәсін толықтай мойындап отыр. 

«21 мен 24 маусым күндері Қаратал ауданының полиция басқармасына Бастөбе ауылының үш тұрғынынан арыз түсті. Олар туыстары жерленген моланың қоршаулары жоғалғанына шағымданған. Іс ҚР ҚК-нің 188-бабы 1-бөлігі бойынша тіркеліп, ұрыны іздеу жұмыстары жүргізілді. Күдікті ұсталып, қамауда отыр», - делінген аталған ведомствоның баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Анықталғандай, зират қоршауларын ұрлады деген күдікке ілінген азамат дүкендерге нан жеткізумен айналысады.