19 қаң, 2026 сағат 11:55

Алматы мектептерінде теракт болады деген ақпарат – фейк

Фото: ашық дереккөз

Алматы қаласының полиция департаменті әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде тараған мектептерде теракт жасалуы мүмкін деген ақпаратты жоққа шығарды, деп хабарлайды Ult.kz.

Полицияның ресми мәліметінше, аталған хабарламалар шындыққа сәйкес келмейді және фейк ақпарат. Қазіргі уақытта қаладағы білім беру ұйымдарындағы жағдай тұрақты, толық бақылауда.

Құқық қорғау органдары мен жедел қызметтер оқушылар мен педагогтердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр.


Жалған ақпаратты тарату дерегі бойынша жедел-іздестіру шаралары басталды. Фейк хабарламаның авторы мен дереккөзі анықталып жатыр. Кінәлі тұлғалар заңнамаға сәйкес жауапкершілікке тартылады.

Полиция азаматтарды сабыр сақтауға, тек ресми ақпарат көздеріне сенуге және расталмаған мәліметтерді таратпауға шақырды.