21 жел, 2020 сағат 11:03

Алматы маңында белгісіз біреулер автобус жүргізушісін соққыға жықты

Алматы маңында тапатал түсте автобус жүргізушісіне қарақшылық шабуыл жасалды. Полиция оқиғаға қатысты тергеу жүргізіп жатыр, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".,,, 

Әлеуметтік желілерде № 220 маршрутының жүргізушісін күндіз 150 теңге үшін соққыға жыққандығы туралы видео пайда болды. 

Шабуыл 20 желтоқсан күні Жетіген теміржол станциясында орын алған. Сонымен қатар, бейнежазбада жүргізушіні ұрып-соғып, қабырғасын сындырып, барлық ақшаны алып кеткені айтылған.

Алматы облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі автобус жүргізушісіне жасалған шабуыл туралы құқық қорғау органдарына ешқандай шағым түспегенін хабарлады. Оқиға әлеуметтік желілерді бақылау кезінде анықталды. 

«Қазіргі уақытта бұзақылық фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде, оқиғаның қатысушылары мен куәгерлері анықталып жатыр. Тиісті сараптамалар тағайындалды. Тергеу нәтижелері бойынша процессуалдық шешім қабылданады «, - деп түсіндірді полиция.