14 там, 2016 сағат 23:18

Алмат Кебіспаев алты дүркін әлем чемпионын ұтты

Рио-де Жанейрода өтіп жатқан Олимпиада ойындарында 59 келіде ел намысын қорғап жатқан Алмат Кебіспаев жұбаныш белдесуінде ирандық Хамид Сорианды ұтты, деп жазады "Ұлт ақпарат".

Жерлесіміз алты дүркін әлем чемпионы, Лондон Олимпиадасының чемпионы Хамид Сорианнан 7 ұпайға ұтылып жатқан еді. Алайда намысқа тырысып, қарсыласынан жеңісті жұлып кетті.

Алмат осылайша қола жүлдеге бір табан жақындай түсті. Оның келесі қарсыласы - норгевиялық Стиг Андре Берге.

Кебіспаев алғашқы айналымда ресейлік Ибрагим Лабазановты 4:0 есебімен жеңген болатын. Одан кейін жапониялық Шинобу Отаға есе жеберді.

Ұлт порталы