Алматты 1/8 финалда жеңген жапониялық Шинобу Ота финалға шықты. Нәтижесінде одан жеңілгендер жұбаныш белдесуге мүмкіндік алды. Алмат Кебісбаев алдымен ирандық алты дүркін әлем чемпионы, Лондон Олимпиадасының чемпионы ирандық Хамид Сорианмен жолығады.
Айта кетейік, алғашқы айналымда 4:0 есебімен ресейлік Ибрагим Лабазановты жеңген еді. Одан кейін жоғарыда айтқан жапондықтан ұтылып қалған болатын.
Ал тағы бір қазақстандық балуан 75 келідегі Досжан Кәртіков Рио Олимпиадасымен қош айтысты. Оның қарсыласы әзірбайжандық финалға шыға алмады.
Ұлт порталы