10 мау, 2021 сағат 07:40

Алина Әділханова - көркем гимнастикадан Азия чемпионы


Қазақстандық гимнаст Алина Әділханова көркем гимнастикадан Азия чемпионатында топ жарды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

ҚР Ұлттық Олимпиада комитетінен мәлім еткендей, ол Азия чемпионатында ұршық жаттығуы бойынша 24.00 ұпай еншіледі. Ал Өзбекстан өкілі Тахмина Икрамова екінші орыннан көрінсе, қытайлық Ятинг Жао үздік үштікті қорытындылады.

Сондай-ақ қазақстандық тағы бір гимнаст – Адиля Тілекенова қола медаль жеңіп алды. Ол жүлдені лентамен жаттығуда ие болды. Бірінші орын - Я.Жаоға, екінші орын Т.Икрамоваға бұйырды. 

Айта кетейік, бұған дейін Алина Әділханова екі «күміс» алған болатын.

Көркем гимнастикадан Азия чемпионаты Ташкентте өтіп жатыр.