13 қар, 2022 сағат 11:51

Әлімханұлы әлем чемпионы титулын қорғап қалды - видео


WBO чемпионы, қазақстандық Жәнібек Әлімханұлы (12-0, 8 KO) ұлыбританиялық Дензел Бентлиді (17-1-1, 14 KO) жеңіп, өз титулын қорғап қалды, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Орта салмақтағы әлем чемпионы атағын сарапқа салған Әлімханұлы мен Бентли Лас-Вегаста жұдырықтасты.

Жекпе-жек 12 раундқа созылды. Қос боксшы тартысты бәсеке өткізді. Бір-біріне дүркін-дүркін соққы жұмсап үлгерді. Нәтижесінде, төрешілер шешімімен жеңіс қазақ боксшысына берілді.

Осылайша Жәнібек кәсіпқой бокстағы он үшінші жеңісіне қол жеткізді. Ал Бентлиде 17 жеңіс, бір тең есеп және екі жеңіліс.