Фото: primeminister.kz
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына сәйкес "Самұрық-Қазына" АҚ директорлар кеңесінің төрағасы болып ҚР премьер-министрі Әлихан Асханұлы Смайылов сайланды, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Қордың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Бұл лауазымды бұрын Джон Дудас атқарған. Ол Қордың тәуелсіз директоры ретінде директорлар Кеңесінде қалады.