18 нау, 2022 сағат 19:54

Смайылов Қазақстандағы шетелдік инвесторлармен кездесті


ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайыловтың төрағалығымен «Қазақстандық шетелдік инвесторлар кеңесі» қауымдастығының кеңесі өтті, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Үкіметтің баспасөз қызметі таратқан мәліметке сенсек, тараптар өнімді тасымалдау және экспорттау, экспорттық бағыттар, киберқауіпсіздік мәселелері және Қазақстан Үкіметі мен шетелдік компаниялар арасындағы ынтымақтастықтың өзге де негізгі аспектілері жөнінде пікір алмасты. 

Әлихан Смайылов қалыптасқан сенім деңгейі мен өзара тиімді ынтымақтастыққа деген ортақ ұмтылыс ықтимал тәуекелдерді барынша азайтуға, ынтымақтастық үшін жаңа перспективаларды ашуға мүмкіндік беретінін жеткізді. 

Қазақстан Премьер-Министрі кеңес жұмысына белсенді қатысқаны үшін ҚШИКҚ мүшелеріне алғысын білдіріп, біздің еліміз жаңа инвесторлардың, сондай-ақ Қазақстанда жұмыс істеп жатқан инвестициялық қоғамдастықтың сындарлы ұсыныстарына ашық екенін атап өтті.