05 ақп, 2020 сағат 10:50

Әлихан Смайылов биыл форумдар өткізуде қаржы қалай үнемделетінін айтты

Премьер-Министрдің бірінші орынбасары – Қаржы министрі Әлихан Смайылов 2020 жылы ірі форумдарды өткізуге байланысты шығындарды үнемдеу туралы айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Біз биыл ДСҰ министрліктер форумын өткіземіз. Бұл халықаралық форумға министрлер деңгейінде 200 елдің өкілі келеді. Осы орайда біз бұл форумның аясында Астана экономикалық форумын ұйымдастыру шешіміне келдік», - деді Ә. Смайылов Парламент Мәжілісінде тілшілер сауалына жауап бере отырып.

Оның сөзіне қарағанда, бұл шешім қаржы үнемдеуге қол жеткізеді.

Сонымен қатар Үкімет басшысының бірінші орынбасары елімізде ішкі нарықтың мүмкіндіктері барынша кеңінен пайдаланылатынын атап өтті.

Бұдан бұрын хабарланғандай, бүгін Мәжілісте Ә. Смайылов ел аумағында коронавирустың таралуына жол бермеуге бөлінген қаржы туралы айтып берді.