Қазақстандық Геннадий Головкин (42-1-1, 37 КО) мексикалық Сауль "Канело" Альвареске (57-2-2, 39 КО) қарсы үшінші жекпе-жегі туралы ойын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz агенттігі Vesti.kz порталына сілтеме жасап.
Боксшы бұл жайлы Нью-Йорктегі баспасөз мәслихатында мәлімдеді.
"Бұл жерде Канеломен қарсылас болғаным жақсы. Бұл - біз үшін де, бокс әлемі үшін де керемет жекпе-жек. Мен өз сөзімнен бас тартпадым. Бізде 17 қыркүйектегі жекпе-жек бар, сол кезде осы тақырыпты жауып, барлық мәселені шешеміз. Айтылған да, айтылмаған да орындалады", - деді Головкин.
"Әр боксшы жеңіске жетуге тырысады. Әсіресе, мұндай қарсыласты жеңу. Біздің әлі шешілмеген мәселелеріміз бар", - деп қосты ол.
"Мен сол күні өзімнің үздік нұсқамды көрсететініме сөзсіз кепілдік беремін. Қолымнан келгеннің бәрін көрсетемін, бұл менің ең жақсы нұсқам болады", - деп түйіндеді GGG.