#
#
Бейсенбі 28/01/2021

«Алғашқы жұмыс орны» жобасы іске қосылады - Президент

  • 25.11.2020
  • 0
  • 159

«Алғашқы жұмыс орны» жобасы іске қосылады. Бұл туралы «Nur Otan» партиясының кезектен тыс XX Съезінде ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Алғашқы жұмыс орны» жобасы іске қосылады. Бұл жоба 5 мың адамды қамтитын болады. Бизнес саласындағы келешегі зор жобаларды жүзеге асыру үшін жас кәсіпкерлерге жыл сайын 10 мың грант ұсынылады. Жұмыс істеп жүрген жастарға 3 мың жалдамалы пәтер беріледі», - деді Мемлекет басшысы. 

ҚР Президенті мемлекет жастар ұйымдары мен еріктілер қозғалысының жобасын қаржыландыру көлемін 1,5 есеге арттыруға дайын екендігін баса айтты. 

«Осындай қолдау шаралары оқымайтын және жұмыс істемейтін жастардың санын 2025 жылға қарай 100 мың адамға азайтуға мүмкіндік береді», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Теги: «Алғашқы жұмыс орны» жобасы

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться

Маңызды мақалалар

БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар