05 шіл, 2019 сағат 13:38

Алғашқы «EdTech» форумында білім беру технологияларындағы өзекті мәселелер талқыланды

Нұр-Сұлтан қаласында дәстүрлі «Astana Finance Days» конференциясы аясында алғаш рет «EdTech» білім беру технологиялары форумы өтті.

Шараға Coursera, EdCrunch, Google, Microsoft, ACCA, GARP сынды халықаралық компаниялардың өкілдері қатысып, білім беру технологияларындағы өзекті мәселелерді талқылады.

Форум халықаралық кәсіби сертификаттау, инновациялар, технологиялар, цифрландыру, инклюзивті тәсілдер, STEM және басқа да озық жетістіктер арқылы адам капиталының сапасын арттыруға серпін беру мақсатында түрлі индустрия өкілдерін жинады.

«EdTech» форумы – мүдделі тұлғалардың кәсіби дамуын инновациялар құруда ортақ мақсатқа біріктіріп, білім беру технологиялары саласындағы бастамаларды дамытуға арналған интеграциялық алаң.

«Біз компанияларды жинақтай бастаған кезде балабақшадан бастап ересек буынға дейін түрлі сегменттерде жұмыс істейтін көптеген компанияны кездестірдік. Сосын біз бюрода кімнің немен айналысатыны және қандай қызметтер ұсынатыны туралы нақты ақпарат болу үшін қазақстандық компаниялардың картасын әзірледік. Олардың бәрі бірлесе жұмыс істеп, елімізді жақсы жаққа өзгертуге көмектеседі деп ойлаймыз», - дейді «AIFC Administration» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Ернұр Рысмағамбетов.

Оның айтуынша, Қазақстанда тиімді EdTech экожүйесін құру үшін ішкі нарықтағы жобалар жеткіліксіз. Сондықтан Астана халықаралық қаржы орталығы қазірдің өзінде ірі бизнес пен компаниялар арасында диалог орнату үшін күш алып отыр. Бұл Қазақстандағы компаниялардың санын арттырып қана қоймай, «EdTech» көлеміндегі лайықты деңгейге көтереді.

«Форум форматын кеңейту жөнінде ұсыныстар келіп түсті. Мысалы, келесі жылы бизнес-қауымдастықпен инвестициялық және серіктестікке бағытталатын Орта азиялық EdTech форумын өткізуге ұсыныс алдық. Біз бизнесте edtech-жобалар корпорациялар мен қарапайым адамдардың өмірін өзгерте алатын бірқатар табысты істерді көрсетуге тырысамыз», - деп өз жоспарларын бөлісті Ернұр Рысмағамбетов.

Айта кетейік, көрмеде жақсы жетістіктерімен көзге түскен командалар Мәскеудегі «EdCrunch» конференциясына жолдама алады және де Astana Hub-тың акселерация бағдарламасына қатысу сертификаты беріледі.