Фото: elements.envato.com
Қазақстандықтар референдумда көтерілетін мәселелерді қолдап та, қарсы да үгіт жүргізуге құқылы. Дегенмен, кейбір үгіт-насихат жазбалары заңсыз болуы мүмкін, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
"Республикалық референдум туралы" заңда үгіт-насихат жүргізуге мынадай анықтама берілген: азаматтар мен қоғамдық бірлестіктерге референдумда қойылған мәселе бойынша өз пікірін білдіру құқығына кепілдік беріледі. Азаматтардың кез келген пікір айтуға құқығы бар, егер бұл науқан белгіленген қағидаттарға сай болса, жауапкершілік жоқ", - деді брифингте референдум өткізу жөніндегі Орталық комиссия мүшесі Анастасия Щегорцова.
Оның айтуынша, үгіт-насихат жұмыстары:
- аноним болмауы керек;
- конституциялық құрылысты, елдің тұтастығын зорлық-зомбылықпен өзгертуге, мемлекет қауіпсіздігіне нұқсан келтіруге шақырмауы керек;
- нәсілдік, әлеуметтік араздықты қоздырмауы және зорлық-зомбылыққа шақырмауы керек.
- "Сондай-ақ, ол белгіленген уақытында жариялануы керек, оған уақыт жеткілікті, тек үнсіздік күні - 4 маусым және дауыс беру күні - 5 маусымнан басқасы", - деді Щегорцова.