04 жел, 2025 сағат 12:42

Әлеуметтік желі дүрлікті: Әйеліне күш көрсеткен ер адамды басқа әйел тоқтатты

Фото: Видеодан
Шымкент қаласында ер адамның көшеде әйеліне күш көрсетуі түсірілген бейнежазба әлеуметтік желілерде кең тарады, деп жазады Ult.kz.

Кадрларда жанжал кезінде беймәлім әйел олардың жандарына жақындап, ер адамға қатаң ескерту жасап, тоқтатуға талпынып жатқаны байқалады. Ол ашулы азаматқа:«Әйелге қол көтерме!» деп қатқыл дауыста айтқан.

Видео жарияланған соң оқиға қоғам тарапынан үлкен резонанс тудырып, көпшілік куәгер әйелдің әрекетін қолдады. Әлеуметтік желі қолданушылары тұрмыстық зорлық-зомбылыққа бейтарап қалмау қажет екенін атап өтті.

Полиция дерегінше, ерлі-зайыптылар анықталып, бөлімшеге жеткізілген. Әйел арыз беруден бас тартқанымен, құқық қорғау органдары ер адамды әкімшілік жауапкершілікке тартып, қамауға алған. Сонымен бірге, оларға қорғау нұсқамасы шығарылған.