09 қыр, 2019 сағат 02:05

Әлеуметтік ID бойынша жоба үш облыс аумағын қамтитын болады

Әлеуметтік ID бойынша ілкі жоба аумағы кеңейтілетін болады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Нариман Мұқышевке сілтеме жасап. 

Бұдан бұрын вице-министр Ақтөбе қаласында қазіргі уақытта әлеуметтік ID бойынша ілкі жоба жұмыс істеп жатқандығын хабарлаған болатын. Бұл  - атаулы әлеуметтік  көмек түсетін карта. Мұнымен қатар оны қоғамдық көлікте жолақыны төлеуге, ал оқушылар мектепте тамақтануға төлеуге пайдалануға болады.  

Егер карта жеңілдікті болса онда жолақыға немесе тамаққа картадан ақша алынбайды.

Егер оны ұстаушы белгілі бір жеңілдікке ие болса, оның ішінде қоғамдық көлікте, онда одан ақша алынбайтын болады. Ал мектеп асханасына келер болсақ, әлеуметтің ID алған және тамаққа жеңілдікке ие балалар осы карта арқылы түскі асқа төлей алады. Ақша одан алынбайды.

«Жаңалықты жеткізгім келеді! Жақында Атырау, Қарағанды және Павлодар облыстарын аумақтық қамту (ілкі жобаны масштабтау) жөнінде шешім қабылданды», - деп жағымды жаңалығымен бөлісті Нариман Мұқышев.

«Бейсенбі күні Денсаулық сақтау министрлігінің және «Қазпошта» АҚ өкілдерімен кездесу өткізіп, жобаны одан әрі жүзеге асыру жайын талқыладық. Бірлескен талқылау барысында Денсаулық сақтау министрлігі мен «Қазпошта» АҚ-дағы әріптестеріміз біздің Министрлікпен әріптестер сындарлы диалог және тиімді ынтымақтастық жүргізетіндігі анық байқалды».

Бұл қалай жұмыс істемек? Карта жолақыны электронды төлеу жүйесіне синхрондалған. Валидатор картаның дәрежесін автоматты түрде анықтайды.

Егер оны ұстаушы белгілі бір жеңілдікке ие болса, оның ішінде қоғамдық көлікте, онда одан ақша алынбайтын болады. Ал мектеп асханасына келер болсақ, әлеуметтің ID алған және тамаққа жеңілдікке ие балалар осы карта арқылы түскі асқа төлей алады. Ақша одан алынбайды.