30 шіл, 2020 сағат 11:43

Әлемнің бірінші ракеткасы Барти US Open турниріне барудан бас тартты

Әлемнің бірінші ракеткасы, Австралия спортшысы Эшли Барти коронавирус пандемиясына байланысты АҚШ-тың Ашық чемпионатына (US Open) қатысудан бас тартты. Теннисшінің бұған байланысты түсініктемесі Herald Sun басылымында жарияланды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Мен және менің командам биылғы жылы АҚШ-та өтетін турнирлерге, соның ішінде US Open-ге бармауға шешім қабылдадық. Бұл біз үшін оңай болған жоқ, бірақ коронавирустың әлі де айтарлықтай қаупі бар, сондықтан сақтанбаса болмайды. Мен АҚШ теннис қауымдастығына (USTA) турнирлерінде тек жақсылық болуын тілеп, келесі жылы АҚШ-қа оралуымды тағатсыздана күтемін», - деп мәлімдеді ол.

Барти 24 жаста, ол 2019 жылдың 24 маусымынан бастап Әйелдер теннис қауымдастығының (WTA) рейтингінде көш бастап келеді. Үлкен шлем топтамасы турнирлерінде австралиялық теннисшінің ең үздік жетістігі – Францияның Ашық чемпионатында жеңіске жетуі. Сондай-ақ ол Австралия Ашық чемпионатының жартылай финалына өтіп, Уимблдондағы US Open-нің төртінші раундына дейін жеткен. Барти - WTA бастамасымен өткен сегіз турнирдің жеңімпазы.