14 қыр, 2021 сағат 13:22

Әлемдік мұнай бағасы өсті


Әлемдік мұнай бағасы өсті, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Сауда және интеграция министрлігіне сілтеме жасап.

2021 жылдың қазан айында жеткізілетін WTI маркалы мұнай фьючерстерінің құны барреліне 70,96 долларға дейін жетіп, 0,72%-ға өсті. 

Қараша айында жеткізілетін Brent маркалы мұнай фьючерстерінің бағасы 0,63 пайызға өсіп, барреліне 73,97 доллар болды.