Лондон мен Нью-Йорктің шикізат биржаларында бейсенбі күнгі сауда-саттық қорытындысы бойынша мұнай бағасы айтарлықтай төмендеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Лондондағы ICE Futures биржасында қазан айында жеткізілетін Brent маркалы мұнайдың фьючерстері 2,88 долларға арзандап, 61,05 долларды құрады.
Нью-Йорк тауар биржасында (NYMEX) қыркүйек айында жеткізілетін WTI маркалы мұнай бағасы 4,63 долларға төмендеп, бір баррелі 53,95 доллар болды.