27 там, 2022 сағат 12:48

Әлемді мойындатқан Әлімханұлы жеңілмеген чемпионды айқасқа шақырды


Қазақстандық Жәнібек Әлімханұлы WBO тұжырымы бойынша әлем чемпионы атағын ресми түрде алғаннан кейін WBC титулына ие, жеңілмеген америкалық Джермалл Чарлоны айқасқа шақырды, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Vesti.kz сайтына сілтеме жасап.

"Чарломен жекпе-жекке шығып, WBC чемпионы атағын алғым келеді! Бұл - айтарлықтай жеңіл жұмыс! Бәрі біледі, бұл жеңіл жұмыс десем, демек, шынымен жеңіл. Иншалла!" - деп жазды Жәнібек Твиттерде.

Еске салайық, бұған дейін орта салмақта жұдырықтасатын отандасымыз Жәнібек Әлімханұлы (12-0, 8 КО) ресми түрде WBO (Дүниежүзілік бокс ұйымы) нұсқасы бойынша әлем чемпионы атағын алғанын хабарлаған едік.