29 мау, 2020 сағат 05:40

Әлемде жарты миллионнан астам адам коронавирустан көз жұмған

Әлемде коронавирус жұқтырғандар саны 10 миллионнан асты, деп хабарлайды BBC агенттігі.

Жексенбі күні дүние жүзінде коронавирус фактілерінің жалпы саны 10 миллионнан асты. Бұл жөнінде Джонс Хопкинс университетінің мәліметінен белгілі болды. Ал қауіпті індеттен көз жұмғандар саны 500 мыңнан асып кетті. Осы уақытта 5 млн астам адам аурудан айыққан. Статистика бойынша, бірінші орында АҚШ тұр. Онда жалпы 2,5 млн адам коронавирусқа шалдыққан, яғни әлемдегі әрбір төртінші науқас - Америкада.

Күн сайын шамамен 40 мың адамға осындай диагноз қойылады. Одан кейін - 1,3 млн сырқатпен Бразилия, ал үшінші орында - Ресей тұр. Мұнда 600 мыңнан астам адам індет жұқтырған. Бестіктен Үндістан (500 мың) мен Ұлыбританияны (300 мың) да көруге болады. АҚШ көз жұмған науқастар саны бойынша да көш бастады. Мұнда 128 мыңнан астам коронавирустан қайтыс болған.