07 мау, 2020 сағат 13:59

Әлемде коронавирустан қайтыс болғандар 400 мыңнан асты

Әлемде коронавирустан қайтыс болғандар 400 мыңнан асты. 7 маусым күнгі мәлімет бойынша, вирус жұқтырғандар 7 миллионнан асқан. Латын Америкада әлі індеттің беті қайтқан жоқ және халық тығыз шоғырланған Үндістан мен Индонезияда науқас саны көбейген. 

Коронавирус ошағы дамушы елдерге қарай ойысып жатыр, ал Шығыс Азия және Еуропада COVID-19-бен байланысты адам өлімінің азайғаны байқалады. Еуропаның көптеген мемлекеттері экономиканы дамытуды қолға алып, шекараларын біртіндеп ашуға талпынып жатыр. 

6 маусымда Үндістанда бір күнде науқастар саны бұрын-соңды болмаған көрсеткішке жетті. Елде барлығы 236 мың адамға вирус жұққан. Үндістанда негізінен вирус тарау қаупі жоғары аумақта карантин енгізілген, дүйсенбі күні елде сауда орындары, діни нысандар ашылады деп айтылады. 

Индонезияда бір күнде мың шақты адамнан коронавирус табылды. Бұл эпидемия басталғалы бергі рекордтық көрсеткіш. 270 млн тұрғыны бар арал мемлекетте барлығы 30 мыңнан астам адамнан коронавирус табылған. 1801 адам қайтыс болған. 

АҚШ-та COVID-19-дан 109 мыңнан астам адам қайтыс болған. 1,9 млн-нан астам адамға вирус жұққан. Денсаулық сақтау саласы мамандарының айтуынша, елде індет екі факторға байланысты басылмай отыр: кәсіпорындардың жұмыс істей бастауы және нәсілшілдікке қарсы жаппай наразылық, полицияның қызмет өкілетін асыра пайдалануы.