Әлемде COVID-19 індетіне шалдыққандар саны 120 миллионнан асты, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Джонс Хопкинс университеті сайтындағы соңғы мәліметке сәйкес, әлем елдерінде коронавирус барлығы 120 млн 180 мың 835 адамнан анықталды.
Оның ішінде вирустан қайтыс болғандар саны – 2 млн 656 мың 623 науқасты құрады.
Коронавирус ең көп тараған елдердің алғашқы бестігінде: АҚШ, Бразилия, Үндістан, Ресей, Ұлыбритания орналасқан.