16 там, 2016 сағат 12:59

Әлем Левиттің жекпе-жегі туралы не дейді?

ВКонтакте желісіндегі «Қазақстандық бокс» тобы Рио-Олимпиадасының 91 келіге дейінгі салмақта өткен Левит-Тищенко жекпе-жегі туралы танымал бокс мамандары, комментаторлар мен жанкүйерлердің пікірін жинап алды. Біз соның барлығын аударып бергенді жөн көрдік, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

Серхио Мартинес (‏@maravillabox): "Мен 91 келі салмақтағы финалда Қазақстанның жігіті жеңді деп ойлаймын".

Лу ДиБелла (‏@loudibella): "Меніңше, АИБА - мафия. Масқара! Енді, ол Рио-2016-ға да жетті".

Дэн Рафаель, ESPN шолушысы, комментатор, BWAA 2013 жыл бойынша бокс саласындағы ең үздік журналист ‏(@danrafaelespn): "Олимпиадада көрген төрешіліктің басым бөлігі жақсы болды. Бірақ осы жолғы шешім нашар. Өте нашар болды".

BBC Sport ‏BBC Sport : "Көрермендер ысқырып, Тищенконың жеңісін мойындаған жоқ".

ВВС Ben Dirs (‏@bendirs1) шолушысы: "Бүгін бетперде киген үш адам біреуді тонаса, онда полицияға звондап, оларды бірден бокс аренасына жіберіңіз".

The Associated Press Greg Beacham шолушысы: "Трибуналарда отырғандардың барлығы Левитке қолдау білдіріп жатыр. Ол да жауап ретінде қол шапалақтап қояды. Тищенко шыққанда, бәрі ысқыра бастады. Бірақ Левит саусағын ерніне тигізіп, бәрін тынышталуды сұрап тұр. Бұл – айқын басымдық".

Shane McGuigan (‏@McGuigans), Бапкер, Ұлыбритания: "Олимпиялық бокс жемқорлыққа белшесінен батып кетті. Боксшылар жарысқа 4 жыл дайындалады. Алайда 9 минуттың ішінде оларды тонап тастайды".

Andy Clarke, спорт шолушысы (‏@AndrewClarke19): "Осымен екінші рет Тищенкоға алтын медальды сыйлап отыр. Әлем чемпионатында Савон оны жеңіп жатқан. Енді, Левит Олимпиадада басым түсіп отыр. Сұмдық! ".

Asian Boxing (‏@asianboxing): "Өкінішті, АИБА-ның кейбір төрешілері зейнеткерлікке шықса екен".

Graham Houston, британдық бокс репортеры:(‏@fightwriterone): "Білесіз бе? Бұл шешім бәрін құртты. Ол дұрыс еместен де нашар. Қате, қате, қате. Мен олардың солай істейтінін білгенмін. Ол туралы талай рет айтқанмын. Тищенконың өзі жеңісіне таңғалды".

Frode Fanebust ‏(@Bustefaen): "Не деген масқара! Әлемдегі ең нашар судьялар! Бұның бәрі – Олимпиаданың финалында! Масқара".

Stephen Lavelle ‏(@Slavelle90), Шотландияның ауыр салмақтағы чемпионы: «АИБА, бәрінің жексұрын өмір өткізулеріңе теліктеспін".

Tom Craze, шолушы badlefthook: "Менің лентамда отырған әрбір адам Левит жеңді деп шешті. ӘРбір адам".

Jake Donovan ‏(@JakeNDaBox): " @NBCSN соңғы үші жекпе-жекті қайталап көрсетіп жатыр. Тищенко мен Левиттің дәл қазір көріп жатырмыз. #Rio2016-дағы қылмысты тағы бір көрсеңіз болады".

Tommy McCarthy, Ирландия боксшысы ‏(@Tommymac90): "Левит оны сабап жүрді ғой. Бұл шешім нағыз жабайылық!".

Mike Broderick (‏@MikeBroderickVO): "Мен боксты 40 жыл көріп келемін. Осы уақытқа дейін бұл ең нашар шешім болды".

NextBigMOB (‏@NextBigPod): "Жекпе-жек өте жақсы өтті. Бірақ әдеттегідей судьялар бәрін құртты. Бокс басынан бастап бәшпайына дейін жемқорлыққа батып кеткен. Масқара!»

@SimonBoxinghead: "АИБА, сіздер – нағыз қылмыскерсіңдер!".

Арман АСҚАРОВ