Әлемде коронавирусқа шалдыққандардың жалпы саны 12,2 млн адамнан асты, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Джонс Хопкинс университетінің 10 шілде күнгі мәліметіне сәйкес, әлемде COVID-19 барлығы 12 млн 230 мың 251 адамнан анықталды. 554 291 науқас қайтыс болған.
Індетті жұқтырғандар саны ең көп 10 елдің тізімі:
АҚШ – 3 112 252
Бразилия – 1 755 779
Үндістан – 767 296
Ресей – 706 240
Перу – 316 448
Чили – 306 216
Ұлыбритания – 289 154
Мексика – 282 283
Испания – 253 056
Иран – 250 458
Ал Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының ресми сайтында мәліметтер 9 шілде, сағат 14.48-де жаңаланған. Оған сәйкес, әлемде COVID-19 індеті 11 874 226 адамнан анықталған. 545 481 науқас өмірден өткен.