30 нау, 2021 сағат 18:51

Алексей Цой: Коронавирусқа қарсы отандық вакцинаны күтемін

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой коронавирусқа қарсы отандық вакцинаның шығуын күтіп, осы екпені салдыратынын айтты, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Кез келген вакцинаны салдыруға дайынмын. Алайда бастапқыдан отандық ғалымдарға қолдау білдіруге шешім қабылдағанмын, қазақстандық вакцинаның шығуын күтетін боламын. Әрине, ертерек екпе салдырып, ағзаны қорғаған дұрыс және қазір айналымдағы екпені салдыруға болар еді. Дегенмен отандық вакцинаны күту туралы шешімге тоқтадым. Менің әріптестерімнің көбісі қазір енгізілген екпені қойдырып жатыр», - деді министр Орталық коммуникациялар қызметінде. 

Осы орайда Цой Қазақстанда ресми рұқсат етілген кез келген вакцина тексеріліп, соның тиімдісі екпе ретінде өткізілетінін атап өтті. 

«Сондықтан екпеге қатысты ол менің жеке шешімім, ол – менің азаматтық ұстанымым», - деді министр.